«Біз әлембіз»: Концерттен түскен қаражат Қостанай облысына бағытталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біз әлембіз»: Концерттен түскен қаражат Қостанай облысына бағытталады

10.09.2022

Елордада «Біз әлембіз» музыкалық жастар фестивалі өтіп жатыр. Шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Діндер съезіне арналған концерттің мақсаты – ұлттық сананы рухани жаңғырту және бейбітшілікті ту етіп, елдің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыру. Фестивальге бірқатар танымал әншілер мен бишілер қатысты. Ұйымдастырушылар осы шара арқылы ғаламшар тұрғындарын тазалыққа, табиғатты қорғауға шақырмақ.

Шарадан түсетін қаражат Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге ашылған қайырымдылық қорына жіберіледі. Билет құны – 500 теңге. Оны 10 мыңнан аса көрермен сатып алған.


Хабарламаларға жазылу