Түркістан облысында мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

10.09.2022

Түркістан облысында колледж бен мектептердің 35 мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеп келген.

Білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықтың бетін ашты. Сондай ақ басқарма тарапынан білім алушыларды мемлекеттік тапсырыс бойынша негізсіз қабылдаудың 7 дерегі анықталды. Колледждерде кадр даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде де кемшіліктерге жол берілген. Тапсырысты орындау барысында еңбек нарығына қажетті мамандар дұрыс таңдалмаған.

 Дулат Әшірбеков, облыстық Прокуратураның басқарма прокуроры:

Шетелге шығып кеткен білім алушыларға негізсіз қаржы аудару фактілері, мұғалімдердің жалған диплом пайдалану арқылы жұмысқа орналасқан 35 фактісі анықталды. Бұл фактілер бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу