Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды

10.09.2022

Мемлекет басшысы үш өрт сөндірушіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Абай облысы, Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, №14- өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі - Тоғызбаев Айдос Ерұланұлын, сондай-ақ осы бөлімнің командирі Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлын - ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және осы бөлімнің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Хабарламаларға жазылу