Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

09.09.2022

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды. Бүгін Президент ақордада еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында негізінен мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас сөз болды. Президент экономиканы монополиядан арылту және жаңа нарықтар ашу жұмыстары жалғасатындығын айтты. Ол үшін бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс.

Бұл – негізгі ұстаным деді, Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл кәсіпкерлерді артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды. Атап айтқанда балабақша, мектеп, аурухана, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю маңызды деді, - Мемлекет басшысы. 

Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу