Халық пікірі: Жеті жыл – стратегиялық бағытты айқындауға жететін кезең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жеті жыл – стратегиялық бағытты айқындауға жететін кезең

09.09.2022

7 жыл стратегиялық бағытты айқындап алуға алуға жеткілікті мерзім. Осы жылдар ішінде талай істі атқаруға болады. Тұрғындар Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік реформаларға қатысты да пікір білдірді.

БЛИЦ:

Президенттік мерзімді 7 жылға ұзарту дұрыс деп санаймын. Президент Тоқаев өзі айтып отыр ғой. Жаңадан Қазақстан құруымыз керек деп. Францияда жеті жыл отырады Президент. Бір мерзімге 7 жылға сайланады. Сонда енді көрмейсіз бе, Франция қандай дамыған ел. Қандай демократия мысалы.

Президенттердің билік басына келгендегі уақытта өзінің белгілі бір өкілеттілігінің қаншалықты мерзімге қойылатындығын алдын ала біліп, барлық стратегиялық жоспарларын айқындап алып, сол бойынша жұмыс жасауға және осыған қарай әкімдер де барлық депутаттардың өкілеттілікктері осы мерзім арасында қарастырылып, әр саяси науқанда жақсы жаңалық күтуге себепші болады деп сенеміз.

Әйелдер қауымының зейнет жасы 61 жасқа бекітілді. Бұл аналар үшін және де ананың құрсағынан шыққандықтан бізге де құлаққа жағымды естілді.

Бұл біздің демократияға бір қадам жақын болады деп ойлаймын. Саяси ахуалды ескере отырып 7 жылдың ішінде үлкен Жаңа Қазақстан деген жобаны іске асырып соңына дейін өзінің шын еңбегін көрсете алатын мерзім. 7 жылдың ішінде біздің Қазақстанның экономикасы әртараптандырылуы іске асырылады.

Бұл да бір жаңашылдық қоғам үшін. Себебі, Тәуелсіздік алған көптеген мемлекеттерде таққа таласып, отырып қалу, тоқырудың орын алуы секілді нәрселер орын алып жатыр. Сондықтан 7 жыл аз емес. 7 жылдың ішінде мойнына алған жүкті, халық аманатын орындауға толық мүмкіндік бар.

Ол 7 жылдың ішінде экономиканы да көтеруге болады, халықтың жағдайын да көтеруге болады, Аллаға шүкір, пенсияны уақытылы аламыз. Қандай болса да қсылып жатыр.Соған қанағат қылып, халыққа деген кішкене тойымдылық керек қой енді. Еңбек ету керек,Абай атамыз айтқан жоқ па, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тілінбей», деп. Ұрлық жасама, адам өлтірме, адамды жазалама! Сонда бәрі жақсы болады.

Хабарламаларға жазылу