Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Елді 70 жыл бойы басқарған патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті. Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді», – деп жазылған жеделхатта.