Жолдауда Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыруды тапсырды. Қазір жауапты министрлік заңға өзгерістер енгізіп жатыр. 61 жаста зейнетке шығатын әйелдердің нақты саны жақында белгілі болады. Елімізде 50-мен 60 жас арасындағы әйелдердің үштен бірі жұмыссыз, яғни зейнетақысы төмен болады. Сондықтан оларды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама жұмыс істеп тұр.
Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
«Күміс жас» аясында зейнет жасына тақаған азаматтарды, оның ішінде әйел азаматшаларды жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, кеңесші деген лауазымдарына жұмысқа орналастырылады. Ол жұмыс үшін оларға еңбекақы төленеді. Мысалы, 2023 жылы осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқандарға 90 мың теңге шамасында еңбекақы төленетін болады.