Ақмола облысында сақ жауынгерінің сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында сақ жауынгерінің сүйегі табылды

08.09.2022

Ақмола облысының Бурабай ауданында сақ жауынгерінің сүйегі табылды.

Жаңажол және Көрнекті ауылдары арасындағы қорымды жергілікті тұрғындар кездейсоқ байқап қалған. Көп ұзамай қазба жұмысы басталып жауынгер сүйегі мен ат әбзелдері, қылыш, пышақ пен жебенің ұштары табылды. Аққинақ қылыштың ұзындығы - 35 саниметр. Жәдігерлер қоладан жасалған. Сондықтан өте жақсы сақталған. Мамандардың айтуынша, қорым сақ дәуіріне тиесілі. Қазір ғылыми зерттеу есебі дайындалып жатыр.

Жасұлан Үкеев, облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

Диаметрі 5 метрден тұратын қорғаннан мынадай жәдігерлер шығып жатқан кезде жанындағы басқа да қорғандардан сақ заманында 7-3 ғасыр б.з.д ол жерде сол тиілмеген бе деген сияқты, тоналмаған ба деген сияқты, өз заманында тоналмаған ба деген болжам жасап отырмыз. Бұл жерде үш қорған бар зерттеген кезде. Бұрын-соңды орманның ішінде болғаннан кейін бізге әлі күнге дейін белгісіз болып келді.


Хабарламаларға жазылу