Елордада сыра кафелерінің бірінде есірткі сатылып келген.
Полиция қызметкерлері арнайы операция кезінде аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізетін орынды анықтады. Күдікті ұсталды. Ол бұрын да есірткі қылмысы үшін сотталған. Жасы 44-те. Сыра сатумен айналысқан болып, есірткілік шөпті ұзақ уақыттан бері саудалап келген. Тәркіленген гашиштың салмағы 1,5 келіден асады. Қылмысқа қатысы басқа да тұлғалар іздестіріліп жатыр.