Жаңа Қазақстанға жаңа бастамалар керек – Халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Қазақстанға жаңа бастамалар керек – Халық пікірі

08.09.2022

Жастар – елдің ертеңі. Сол себепті оларға бүгін жағдай жасасаң болашағың баянды болмақ. Осы ретте орта білімнің сапасы арту үшін Президент халыққа Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын ұсынды. Одан бөлек, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасатынын айта келе, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетініне екпін түсірді. Халық арасында осындай бастамалар және президентті қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімге сайлауды енгізуге мәселесі кеңінен талқыланып, оң баға берілуде.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы ел арасында талқыланып жатыр. Әсіресе, Қазақстанда құрылатын «Ұлттық қор балаларға» жобасы оң баға алуда. Сонымен қатар президентті қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімге сайлауды енгізуге байланысты тұрғындар пікір білдіріп жатыр.

БЛИЦ:

Тарихнамамыздағы ерекше бір Конституция нормасын ұсынып отыр. Ол 7 жылдық бір мерзіммен сайлануы. Бұл шынын айту керек, біршама мемлекеттерде тәжірибеге енген мәселе. Бірақ біздің жаңа тарихымызда мүлдем жаңа Конституциялық норма деп айтсақ болады. Жеті жылда кез келген стратегиялық құжаттарды қабылдап, соны жүзеге асырып, нәтижесін де көрудің уақыты туады.
Жастардың кәсіпкерлігіне қазіргі таңда қолдау жылдан жылға үлкейіп келе жатыр. Өйткені, кәсіпкерлікті дамытудың бірден бір жолы бұл жастар арасында жұмыссыздықты төмендетеді. Өз-өзін қамтамасыз етуге, отбасын асырауға өзінің үлесін қосады.
Аласапыран кезінде ескі жүйеден құтылып, Жаңа Қазақстан жасау үшін шын мәнінде жаңа бастамалар керек. Маған ұнағаны бір-ақ кезекке президенттік сайлау болатыны және оны 7 жылдық ету дегенін қолдаймын. Неге десеңіз, 7 жылда әрбір басталған бастаманы тыңғылықты аяқтауға болады.
Қазіргі мектеп партасында отырған балалар ол біздің болашағымызды жасайтын балалар. Сондықтан да осы балаларға арнап жайлы мектеп жобасын қолға алуы, әсіресе балалардың ішінде түрлі топтарға арналған жағдаймен қамтамасыз ету. Оқушының енді құзыреттілігін арттыру үшін шет ел тілі мен жаратылыстану пәндерін күшейтуді тапсыруы бұл да менің қатты көңілімнен шығып отыр.
Бұл жеті жыл ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өте қолайлы мерзім деп ойлаймын. Оның ішінде жастарға қолайлы жағдайлар туғызу туралы айтылды. Білімге, ғылымға көңіл бөлу туралы айтылды. Алдымен осы президент сайлауын өткізіп алсақ, содан кейін Мемлекет басшысының маңайына барлығымыз бір адамдай жиналып, мақсат-межелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу