Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында бірнеше инвестормен меморандумға қол қойылды. Президент Жолдауында айтылған эндаумент-қорлар арқылы білім берудің экожүйесін енгізуге әзірлік те жасалып жатыр. Бұл ғылым мен инновацияны қаржыландырудың оңтайлы жолы болмақ. Студенттер келешекте білікті маман болып шығуы үшін оқу ордасы 100-ден астам кәсіпорынмен бірлесіп, маман дайындау туралы уағдаласты.
Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:
Практикалық немесе дуалды оқыту сабақтарды алмаса отырып, оларға біз кадр дайындап, сол балаларды 2 курстан бастап бағыттап, кейін өзіне қалдыру жұмысы жүргізілсе, біріншіден жұмыс беру мәселесі шешілетін еді, Екіншіден, маман даярлау оңды болар еді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік.