ШҚО: Каменный карьер ауылының 50 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО: Каменный карьер ауылының 50 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді

07.09.2022

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданы, Каменный карьер ауылының 50 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Елдімекенде құрғақ шөп өртенген.

Тек Глубокое емес Қатонқарағай ауданынында да алапат өрт. Кешеден бері құрғақ шөп пен бұта жанған. Тұрғындардың айтуынша өрт бүгін Майамер ауылына жақын қалған. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметі ауылға әзірге қауіп жоқ екенін айтады.

Ал Глубоке ауданында құтқарушылар, полицейлер, орманшылар мен әскерилер жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 500-ден астам адам мен 50 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт шалған аумақ 60 гектардан асты. Желдің бағыты секундына 15 метрге дейін жетіп, арнайы қызмет мамандарының жұмысына кедергі келтірді. Бүгін еліміздің шығысында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілді. «Қазгидромет» мәліметінше өңірде ертең де қолайсыз ауа райы сақталмақ. Дауылды ескерту жарияланды. Желдің бағыты секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу