БҰҰ-ның бас хатшысы Украинадағы АЭС-ті қарусыз аймақ етуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның бас хатшысы Украинадағы АЭС-ті қарусыз аймақ етуді ұсынды

07.09.2022

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украинаға Запорожье атом электр станциясы аумағын қарусыз аймақ етуді ұсынды. Бұл ұсынысқа Киев қолдау білдірді. Ал Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі болса, АЭС қауіпсіздігін өздері қамтамасыз етіп жатқанын мәлімдеп, онда ауыр артиллерия жоқ деп жауап берді. Бұған дейін Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өз сарапшыларының Ресей күштерінің бақылауындағы станцияға жасаған сапары бойынша баяндама жариялады. Комиссия «Запорожье» атом электр станциясындағы ахуал қауіпті, нысанда ядролық қауіпсіздіктің 7 міндетті компоненті бұзылған деген қорытынды жасаған.


Хабарламаларға жазылу