Өрттен зардап шеккен Қостанай облысы тұрғындарына гуманитарлық жәрдем жинау жалғасуда. Барлық өңірде «AMANAT» партиясы ұйымдастырған штабтар жұмыс істеп тұр. Олар азық-түлік, жылы киім, төсек-орын, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдарын жіберіп жатыр.
Өрттен зардап шеккен Қостанай облысы тұрғындарына гуманитарлық жәрдем жинау жалғасуда. Барлық өңірде «AMANAT» партиясы ұйымдастырған штабтар жұмыс істеп тұр. Кешелі бері 312 тоннадай гуманитарлық көмек жиналды. Азық-түлік, жылы киім, тазалық құралдары, төсек-орын, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдары тиелген жүк көліктерінің алғашқы легі Әулиекөл ауданына жетті.
Ахмет Тазшабай алғашқылардың бірі болып Алматы қаласындағы штабқа гуманитарлық жәрдемін жеткізді. Ол қостанайлықтарға ұн, макарон өнімдері, қант сынды ұзақ сақталатын азық-түлік жіберуді жөн санапты. Жүк көлігі бүгін түнде жолға шығады.
Ахмет Тазшабай, кәсіпкер:
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Баршамыз енді атсалысып, көмектесіп, осы қиын қыстау заманынан шығамыз деген ойдамыз. Біз Қостанай тұрғындарымен біргеміз, зардап шекккен. Біз әрдайым көмектесуге дайынбыз
Қауіпті аймақтан эвакуацияланған 2 мыңдай адам мектеп, әкімшілік ғимараты сынды нысандарды паналауда. «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен құралған еріктілердің алғашқы легі зардап шеккендерге көмек көрсету және бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына қолғабыс ету үшін аттанды.
БЛИЦ:
Арыс пен Мақтааралда бүткіл Қазақстан бір жұдырықтай болып, бізге көмек көрсете білді. Біз соны ұмытпауымыз керек. Көмек көрсетуге шақырамын. Қазіргі таңда «Жастар рухы» Түркістан облыстық филиалы Қостанайға барып, көмек ұшын көрсетуге дайын.
Партия белсендісі, кәсіпкер ретінде Қостанай халқына осы аз да болса көмек жіберіп, пунктке алып келіп жатырмыз. Қостанай халқына Алла сабыр берсін!
Партияның аймақтық филиалдары жанындағы гуманитарлық көмек пункттерінде мыңнан астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 145 тонна жүк Қостанайға жөнелтілді. Басқа өңірлердің халқы да қалыс қалмақ емес.
Әсем Рахметова, «AMANAT» партиясы СҚО филиалының атқарушысы хатшысы:
«AMANAT» партиясының бұл бастамасын жергілікті кәсіпкерлер, біздің облысымыздың тауар өндірушілері, тұрғындар және қоғамдағы өзіміздің азаматтарымыздың барлығы қолдап, біздің филиалымызға әкеліп жатыр. Қайта-қайта біздің кәсіпкерлеріміз хабарласып, өздерінің көмек қолын ұсынып жатыр.
Еліміздің барлық аймағында гуманитарлық жәрдем жинайтын 200-ден астам пункт жұмыс істеп тұр. Өрттен зардап шеккендерге демеу болудан тартынып жатқандар жоқ. Қостанайлықтарға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот та ашылды.
Э.Кәленова