Қостанайды қолдау: ауылдарды қалпына келтіруге құрылыс материалдары қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайды қолдау: ауылдарды қалпына келтіруге құрылыс материалдары қажет

07.09.2022

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде түрлі заттар барлық аймақтан жеткізіліп жатыр. Осындай қиын кезеңде бей-жай қарап қалмай, қол ұшын созған халыққа жергілікті жұрттың алғысы шексіз. Олар азық түлік пен киім-кешек, басқа да заттар артығымен жиналды деп отыр. Қоймалар толып қалған. Ендігі жерде аймақ халқына нағыз қажетті заттар жеткізілсе деген тілек бар.

Дәулет Қойшыбаев, Әулиекөл аудандық мәслихатының хатшысы:

Әкеп жатқан гуманитарлық көмек жеткілікті. Тамақ, киім жетеді. Енді бізге құрылыс материалдары керек. Шеге болсын барлық түрі. Тұрмыстық заттар, жихаздар керек. Себебі үй салғасын оған күнделікті қолданатын дүние де қажет.


Хабарламаларға жазылу