Трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесі ұсталды

07.09.2022

Қылмыскерлер өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, қылмыстық идеяларды және ұрылардың ұстанымдарын енгізбек болған.
Қылмыстық топты ұстау барысында қару-жарақ, шетел валютасы және ірі мөлшерде есірткі тәркіленді.

Айта кетейік, олардың арасында қылмыстық текетірестерге тартылған «киллер» бар.

Қазіргі трансұлттық қылмыстық топтың 11 қатысушысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Басқа да қылмыскерлер іздестіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу