Президентті қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір реттік мерзімді енгізу бастамасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.
Жеті жылға сайланғаны дұрыс. Халық қолдауын алғаннан кейін, халықтың сеніміне кіргеннен кейін ол дұрыс нәрсе. Халық жағдайын дұрыстау 1-2 жылда бітпейді. Сондықтан көп уақыт керек.
Мен өзім жастармен жұмыс істейтін болғандықтан болашақ жастардың өмір сапасын жақсарту, жастардың мүдделерін ескеру сияқты мәселелер айқын көрінді. Ең басты біздің қуанып отырғанымыз, Ұлттық инвест қордың жиналған қаржысының 50 пайызы балалардың есепшоттарына аударылады деді. Бұл бұрын айтылмаған мәселе. Өте оңды шешім.
Жеті жыл адам өз бойындағы қабілет қарымын байқатып, оны жүзеге асыра алатын уақыт деп есептеймін. Осы істі өзінен бастап отырғанын дұрыс деп есептеймін.
Жеке кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5 пайызбен кредит беру – өте қолайлы тәсіл. Өйткені, қандай да бір бизнесті бастауға біздің қазақстандық жастар қорқалақтап келген. Енді жолдаудан кейін осы дүние шешімін табады деген ойдамыз.