Елдегі саяси ұйымдардың қатары тағы бір партиямен толығуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі саяси ұйымдардың қатары тағы бір партиямен толығуы мүмкін

06.09.2022

Елдегі саяси ұйымдардың қатары тағы бір партиямен толығуы мүмкін. «Байтақ» жасылдар» партиясы қазірдің өзінде 10 мыңға жуық қол жинап үлгерген. Олар ресми тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат тапсырған. Алматыда Құрылтай съезін өткізуді де жоспарлап отыр. Ұйымның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған орта. Мұндай жұмыстарды партия тіркелмесе де атқарып жатырмыз, дейді ұйымдастыру комитетінің төрағасы. Сондай-ақ, жиында Мемлекет басшысының жолдауы да талқыланды.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» Экологиялық альянс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Жеті жылдық Конституциялық өзгеріс болуын және Президент сайлауының өтуін қалаймыз. Бірақ, біз осы сайлауда кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көріп отырмыз. Біздің партиямыз Президентті қолдайды осы сайлауда.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу