Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезіне 50-ден аса елден 100-ден астам делегация қатысады. Бүгін Сенат төрағасы және съезд хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев, Мемлекет басшысына маңызды шараның дайындығы туралы есеп берді. Дінаралық форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 200-ден астам шетелдік және 300-ден көп Қазақстанның БАҚ өкілдері тіркеуден өткен.
Шерхан Жамбылұлы