«Арселор Миттал» Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ. Оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания басшысы Лакшми Миттал баяндады. Ақордадағы қабылдау кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы