ШҚО-дағы Төсқайың ауылында 300 гектардай аумақ отқа оранған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы Төсқайың ауылында 300 гектардай аумақ отқа оранған

06.09.2022

Шығыстағы Марқакөл орман шаруашылығына қарасты Төсқайың ауылы маңында өрт шықты.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 300 гектардай аумақ отқа оранған. Абырой болғанда елдімекенге төнген қауіп жоқ. Таудағы қиын бөктер өртеніп жатқандықтан арнайы техника да бара алмайды. Бұл да жалынды сөндіруде едәуір қиындық тудырып отыр. Тілсіз жаумен күреске 100 ден аса адам мен 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ тікұшақтар мен Еурокоптер іске қосылды. Өскеменнен төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан 46 адам және 6 техника көмекке аттанды. Ал үш күн бұрын «Зырян» орман шаруашылығында 400 гектардай аумақта тұтанған өрт те әлі толық сөндірілген жоқ.

Хабарламаларға жазылу