Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бір топ неміс инвесторларын қабылдады. Қазақстан Еуропа елімен энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі. Қазіргі уақытта Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобаны әзірлеген. Делегация өкілдері неміс бизнесі Транскаспий көлік дәлізін дамытуға, кен орындарын игеруге және энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдіретінін жеткізді.