Бұған аймақта жүріп жатқан қарулы қақтығыстан электр жүйесінің істен шығуы себеп. Ал Ресей Херсон облысын өзіне қосу туралы рефенерендумды қауіпсіздік мәселесіне байланысты кейінгі қалдырды. Айта кетсек, жақында Украина армиясы мұнда негізгі өткел саналатын Антонов көпірін қиратқаны белгілі. Бұған қоса, президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, ел әскері Херсон өңірінде бірнеше елді мекенді қайтарған. Ал қарулы қақтығыстан келген шығын көлемі 326 миллиард долларға жетті. Мұны «Украинская правда» газеті хабарлап отыр.