Қостанайға көмек: «AMANAT» партиясы екі күн ішінде 807 тонна гуманитарлық көмек жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға көмек: «AMANAT» партиясы екі күн ішінде 807 тонна гуманитарлық көмек жинады

06.09.2022

«AMANAT» партиясы табиғи өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына екі күн ішінде 807 тонна гуманитарлық көмек жинады. Алғашқы күні 312 тонна жиналса, кеше 495 тонна зат келген. Оның 338 тоннасы – азық-түлік. Бұдан бөлек, жылы киімдер, жеке гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық техника және құрылыс материалдары бар. Қазір жиналған қордың 200 тоннасы Қостанай облысына жеткен.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:

Қостанай облысында 300-ден аса «Жастар рухының» волонтерлері қызмет жасап, сол жерлердегі пунктерде жүктерді тарату, азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелеріне де белсенді асталысып жатыр.

Игі бастамаға елдің түкпір-түкіпірінен «Жастар рухы» жастар қанатының 1200-ден астам еріктісі жұмылдырылған. Олар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұжымы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындарға арналған көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды.

Хабарламаларға жазылу