Елде келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңгеге дейін өседі. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлеріне еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен деңгейге түсірмеуі керек.
Осы арқылы 2 млнға жуық жұмысшының айлығы келер жылдан бастап өседі. Сонымен бірге енді жұмыс берушілер қызметкерлердің басқа санаттары бойынша жалақысын қайта қарайды. Демек, бұл тағы біраз азаматтың айлығының өзгеруіне ықпал етеді. Ал ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізілсе, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.
Ақерке Бектас