«Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгеруі тиіс. Мемлекет бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Президент Жолдауда осы қағидаға ерекше тоқталды.
Ол үшін жаңа экономикалық саясат нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіпті реттеу сынды реформаның бес бағыты жүйелі орындалуы тиіс. Соның ішінде жаңа экономикалық саясат бағдарына кеңірек тоқталсақ. Біріншіден бағаны әкімшілік жолмен реттеуден бас тарту көзделген. Бұл дегеніміз - монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу. Екіншіден экономиканы одан әрі монополия-сыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет. Үшіншіден келер жылы жаңа салық кодексі әзірленуі тиіс. Төртіншіден ашық кедендік басқаруға басымдық беріледі. Бесіншіден бюджет саясатының моделі реформаланып, жаңа бюджет кодексі әзірленеді. Одан соң кәсіпкерлік салаға жүйелі түрде қолдау көрсетілмек. Бағдардың жетінші жоспары мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшуге бағытталған. Сегізінші отандық бизнес үшін несие ресурстарының тапшылығын шешу көзделген. Өнім өндірудің негізгі факторы - жер. Соңғы бөлім кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі әділ бөлу мәселесін реттеуге арналған.
Раушан Сайлауқызы