Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайған

06.09.2022

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сай өткен аптада науқастар саны 80 мың болған. Осыдан бір апта бұрын індет жұқтырғандар 143 мыңнан асқан еді. Министр Фахреттин Қожа әлеуметтік желі арқылы өзінің коронавирус жұқтырып, карантинде жатқанын, денсаулығы жақсы екенін жазды. Мамандар вирустың баяу таралуына халықтың басым бөлігі вакцина салдыруы себеп болды дейді. 85 млн-дай халқы бар Түркияда 18 жастан асқан азаматтардың 85 пайыздан астамы екі рет екпе алған.

Айдын Йылмаз, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі комиссия мүшесі, профессор:

Елде пандемия аяқталды, дегенмен эндемия жүріп жатыр. Яғни коронавирус бұрынғыдай ауыр емес, қарапайым тұмау сияқты жеңіл өтеді. Соңғы 15 күнде жан сақтау бөліміне вирус жұқтырған бірде-бір адам түспеді. 6 адам ғана ем алып жатыр.Ұжымдық иммунитет қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.

Хабарламаларға жазылу