Оның екеуі - облыс орталығында, қалғандары - 12 ауданда жұмыс істеп жатыр. Өңір халқы азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен өзге де қажетті бұйымдарды әкеліп жатыр. Кәсіпкерлер де көмек беруден тыс қалмады.
Кенесары Нұршинов, «АMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Ірі кәсіпкерлеріміз де қол ұшын беріп жатыр. Олардың көмегі қоймаларда. Ертең көлік мәселесі ұйымдастырылған соң, олардың заттарын алып кетеміз. Ол жерде ұн, сұйықмай және күнделікті қолданылатын шелегі бар – өз кәсіпкерлеріміздің өнімдері.
Аман Байғали, тұрғын:
Жайық жұртшылығы да осындай келеңсіз жағдайға бей-жай қарамай, алдыңғы легі келіп, көмек қолын созып жатыр. Осындай жағдай енді елімізде болмасын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Бәріміз жұмылып, жәрдемдесейік.
Ардақ Мұратқызы