Еуропаның көптеген бөлігінде аптап ыстық басылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның көптеген бөлігінде аптап ыстық басылмай тұр

04.09.2022

Еуропаның көптеген бөлігінде аптап ыстық басылмай жатыр. Соның салдарынан мұздықтар жылдам ери бастаған. Мұның белгілерін Австрияның ең ірі Пастерце мұздығынан байқауға болады. Оның жарықтары күннен күнге ұлғайып, екіге бөлінейін деп тұр. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәлімдеуінше, ғасыр соңына дейін Австрия мұздықтары мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Зерттеуші экологтар болса, олардың еруін климаттың өзгеруіне қарсы күрес те тоқтата алмайды деп дабыл қағып отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу