Қостанай облысында полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұр

04.09.2022

Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Әулиекөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтасыз етіп тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Өртті сөндіру кезінде жол көлік оқиғалары мен адамдардың жарақат алуына жол берілмеген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері барлық бағыт бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Елдімекендерде тонаудың алдын алу үшін полиция жасақтарының саны көбейтілді. Сондай-ақ, жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауға алынған.


Хабарламаларға жазылу