Кеше өрт кезінде Әуликөл ауданы аумағын басып өтетін Республикалық маңыздағы тас жол жабылған болатын. Оған себеп өрт, жел және қалың түтін. Жаңа ғана Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметімен хабарласып, ахуалды анықтадық.
Олардың хабарлауынша кешелі бері өрт шарпыған аумақта «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолы дәл қазір ашық тұр. Барлық санаттағы көліктердің қатынасына ешқандай шектеу жоқ. Яғни өрттің беті қайтып, қалың түтін ептеп сейіле бастады деп топшылауға болады. Ал, кешегі қиын шақтарда Қостанай бағытына қозғалыс Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы жүзеге асырылады.