Қызыл жалынның ортасында қалған ауылдардан 1841 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар отқа оранған үйлерден адамдарды құтқарды.
Жалпы жалынды сөндіруге , 3 ұшақ пен 5 өрт сөндіру пойызы және 77 арнайы техника және 450 ден астам адам жұмылдырылған. Облысқа өзге аймақтардан да көмек көрсетіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан өрт сөндіру құралдары мен қосымша күштер жіберілді.
Шерхан Жамбылұлы