Елордада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

03.09.2022

Елордада өңірлерден келетін дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бүгін-ертең Жамбыл облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынады. Әулиеаталықтар құны 423 миллион теңге болатын 496 тонна тауар алып келген. Оның ішінде ет, тауық еті, шұжық, жұмыртқа, балық, көкөністер мен жеміс-жидек бар. Жәрмеңкеде шаруаларға өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға жағдай жасалған. Нәтижесінде мұндағы баға нарықтағыдан 10-20% төмен.


Хабарламаларға жазылу