Президент Жолдауы: Қаңтар оқиғасы қайталанбау үшін нақты қадам жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы: Қаңтар оқиғасы қайталанбау үшін нақты қадам жасалды

03.09.2022

Қазақстан үлкен саяси экономикалық трансформацияның бел ортасында тұр. Билік қаңтар оқиғасы секілді келеңсіздіктер келешекте қайталанбауы үшін нақты қадамдар жасап жатыр. «Биылғы Жолдауда айтылған өзгерістер соның дәлелі», – дейді АҚШ-тың Орта Азия елдері жөніндегі белгілі сарапшысы Камран Бохари. Маманның пікірінше, қазіргі реформалар қоғам талабына әлеуметтік-экономикалық әділдік тұрғысынан қарап, жүзеге асыруға бағытталған. Оның ішінде 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалар есепшотына аударып, баспана мен білімге жұмсауға мүмкіндік беру елдің келешекке деген сенімін арттырады.

Камран Бохари «Newlines Institute» орталығының Аналитикалық даму мәселесі жөніндегі директоры:

Президент пен оның әкімшілігі халықтың тек қазіргі сұранысын өтеп, қордаланған мәселелерін шешуді ғана мақсат етіп отырған жоқ, болашақты әріден ойлайтынын көрсетті. Ел байлығының игілігін халық қалай көреді? Міне осы бағытта үлкен өзгерістер жасалмақ. Қазба түскен қаржыдан үлес беру әлемде бар тәсіл. Десе де бұл қазақ билігінің тар ұғымда емес, ауқымды деңгейде болашақты көріп отырғанының дәлелі деп білемін.


Хабарламаларға жазылу