ІТ саласының мамандары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІТ саласының мамандары тапшы

03.09.2022

Президент жолдауында айтылған мәселенің бірі – ІТ саласының мамандарын қолдау. Енді сұранысқа ие ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT саласының білікті мамандарына жеңілдік жасалады. Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза беруді қарастырады. Шетелдік кәсіпкерлер он жылға виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік алады. Еліміздегі ІТ саласының мамандары шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырады.

Жұлдыз Кәлпиева, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары:
Менің ойымша, бұл өте дұрыс қадам. Себебі, ІТ саласынсыз қазір еліміздің экономикасының бірде-бір саласын елестету мүмкін емес. ІТ мамандарды даярлау, адами капиталды нарықта өсіру бағытындағы болашаққа деген үлкен көзқарасын білдіреді.

Қуан Нұрақын


президент жолдауы жолдау

Хабарламаларға жазылу