Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман өртке оранды. Қызыл жалын соңғы мәліметке сәйкес, 3 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Республикалық маңызы бар Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолы жабылды. Өртпен күресу үшін арнайы штаб құрылды. Оқиға орнына Төтенше жағдай министрі де барды. Жалпы жалынды сөндіруге 3 ұшақ пен 3 өрт сөндіру пойызы және 32 арнайы техника жұмылдырылған.