Әлеуметтік сауалнама: Тұрғындардың басым бөлігі жолдау туралы оң пікірде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік сауалнама: Тұрғындардың басым бөлігі жолдау туралы оң пікірде

02.09.2022

Орталық коммуникациялар қызметі Жолдаудың қортындысына қатысты жүргізген жедел-сауалнама деректерін жариялады. Зерттеу кеше еліміздің 20 өңірінде жүргізілген. Оған 18 жастан асқан 800 қазақстандық онлайн қатысты.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей азаматтардың 43,46%-ы Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұны туралы жақсы хабардар. Ал, 48,88% жаңа шаралар туралы естігенімен егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67%-ы онымен әлі танысып үлгермеген. 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырса, теріс әсер 1,11% құраған. Ал, тұрғындардың 80,07%. оң әсер қалдырыпты.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу