Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

02.09.2022

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндалды. Сондай-ақ сапар барысында Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған. Қазақстан Президенті Моңғолияда жүргізген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу