Еліміздің түкпір-түкпірінен құралған еріктілер тобы мектеп табалдырығын аттайтын 12 мыңнан астам оқушыға рюкзак таратты. Мектеп қоржынында оқуға қажетті құрал жабдықтардың барлығы бар. Оған Ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялар демеушілік жасаған. Атаулы көмек бірінші кезекте әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына берілді.
Лаура Оспанова, көпбалалы ана:
Мұндай көмекті бірінші рет алып жатырмыз, жылда беріп тұрса алып тұрамыз. Бұл кішкене болса да елге көмек.