Денсаулық сақтау жүйесіне озық тәжірибелер енгізіп, университеттер жанынан көпбейінді ауруханалар ашу кезек күттірмейді. Президент Жолдауында айтылған осы мәселелер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұжымына да айрықша серпін беріп отыр. Жалпы, оқу орындары еңбек нарығының сұранысына, экономикалық дамуға сай болуы тиіс. Жатақхана жетіспеушілігін біртіндеп жою қарастырылған. Қазір бүкіл еліміз бойынша жастар жатақханасының тапшылығы өзекті мәселе екені белгілі.
Ардақ Қапышев, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы:
Жатақхана жасау үшін мемлекет өзінің қолдауын береді. ГЧП программасы, сол программа бойынша мемлекет және жекеменшік бірігіп жатақхана жасайды. Қолжетімді жоғары білім болса, контингент студенттердің көбейе берген де үшінші ғимарат жасауға да жоспарлаймыз.