Ғылымның өндірісте қолданылуына жол ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымның өндірісте қолданылуына жол ашылады

02.09.2022

Жолдауда айтылған салық жүйесін қайта құру туралы шешім ғалымдарды да қуантып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл ғылым саласына үлкен мүмкіндік әкелмек. Енді кәсіпкерлер ғылыми жаңалықтарды өндіріске пайдалануға ынталы болады.

Қайрат Сақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, журналистика және саясаттану факультеті деканы:

Бізді қуантып отырған салықты дефренциялдау мәселесін қойып отыр. Оны терең түсіндірсек, ғылымға көңіл бөліп отырған мекемелерге, үлкен өндіріс орындарына жеңілдік жасалады деген сөз. Яғни ғылымның өндіріске баруына жол ашылып жатыр. Дәл қазір оған ынтасы жоқ. Себебі салық бәріне бірдей.


Хабарламаларға жазылу