Енді 1 қыркүйекке дейін шетелден жеткізілген көліктерді заңдастыру жеңілдейді. Президент утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынды. Дегенмен бұл іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен автомобильдерге ғана қатысты. Мемлекет басшысы заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдауды тапсырды. Мамандар да заңнан тыс қалған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретінін жеткізді. Әрі олар мемлекетке баж салығын төлемеген соң бюджет қосымша ақшадан қағылып отыр.
Жақсыбек Құлекеев, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:
Бұрыңғы сатып алған иелеріне Ресей, Қырғызстанға барып, сенімхат жазып берейін десе, ол жақта салық төлемеу үшін сатып жібергенбіз деп ол жақтан тіркеуден алып тастайды. Не көлігін айдай алмай қалады, не оны ешкімге сата алмай қалады. Осыдан барып оларда проблема туындайды.Сондықтан осы тұрғыдан да мемлекет олардың көліктерінің тіркелгенін қалайды.