Биылғы сессиядағы заң жобаларының маңызы ерекше - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы сессиядағы заң жобаларының маңызы ерекше

01.09.2022

Президент - Парламент жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді. Биылғы сессияда депутаттар жұмыс істейтін заң жобаларының маңызы зор және оны қоғам да күтіп отыр. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгін палатаның отырысында осылай деді. Жалпы отырыста жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелер талқыланды. «Заң жобаларын қарау кезінде халықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірі мейлінше ескерілуі тиіс» деді, Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Мемлекет басшысы Жолдауда алғаш рет болашақ сайлау науқандарының кестесін жариялап, еліміздің бүкіл саяси жүйесінің жаңарып-жаңғыруына жол ашып берді. Бұл биліктің ашықтығын және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің нығаюын айқын көрсетеді. Және еліміздің жаңару жолында жасалған нық қадамдар.

 

Хабарламаларға жазылу