Мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыртылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыртылмақ

01.09.2022

Жолдаудағы төртінші бағдар аясында мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыртылмақ. Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беріледі. Үкіметтің кейбір құзіреттері -министрліктерге беріледі. Ықшамды үкімет аппаратын қайта құру және жаңа әкімшілік реформа әзірлеу міндеттелді. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аударылмақ. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу қажеттігі айтылды. Квазимемлекеттік сектордағы басқару ісінің тиімділігін арттыруға айрықша назар аударған жөн. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа жұмыс үлгісін түпкілікті айқындап алу қажет, - деді Президент. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу