Қазақстанның Франциядағы мәдени маусымының шымылдығын осыдан бір ай бұрын «Астана балет» театрының ұжымы ашқан болатын.
Енді міне, Астана қаласының Париждегі мәдени күндері басталды. Шетелдегі қазақтардың, Еуропадағы қазақтардың бүгін қуанышында шек жоқ.
Өйткені, Лувр музейінің жанынан бой көтерген этноауыл өз еліңде жүргендей сезімге бөлейді.
Шетелдіктер айнала тігілген ақшаңқан үйлерге кіріп, қазақтың салт-дәстүр әдет-ғұрпымен танысып, қазақтың мәдениетіне тәнті болуда.
Нұрсұлу ҚАСЫМ