Бұл жолғы Жолдаудан үлкен үміт күткен ұжымдардың бірі – Бескөл ауылындағы ағаш өңдеу цехы. Өндіріс орнында 100-ден астам адам еңбек етіп жүр. Кәсіпорын басшылығы маңызды құжатта айтылған мәселелер кәсіпкерлік саласына тың серпін беретініне сенімді.
Сермұхамет Оралұлы, тілші:
Жеңілдікпен несие болады деп жатыр. Соның бәрі бізге мемлекеттің жәрдемі. Біз соған барамыз. Қазір қойған мақсаттарымыз бар, соның барлығы орындалсын деп.