Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Маңызды саяси шара Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтпек.
Досжан Маратұлы, тілші:
Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылдыққа екінші, ал Президент болғалы бесінші Жолдауы. Онда негізінен еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына ерекше екпін қойылады деп күтіліп отыр. Бірлескен отырыс 11:00-де Ұлттық арна эфирінде көрсетіледі.