Алматыдағы алғашқы қоңырау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы алғашқы қоңырау

01.09.2022

Алматы қаласы бойынша биыл 31 мың бала бірінші соғылған қоңырау сылдырымен бірге мектеп табалдырығын аттайды. Жалпы, қаладағы оқушылар саны 290 мыңнан асады. Жыл санап олардың саны артып жатыр. Шаһарда 301 мектеп бар. Оның 196-сы балаларды бүгінге дейін 3 ауысымда оқытып келген. Тіпті кейбір білім ошақтарында бір сыныпта 45 оқушыға дейін білім алады. Қалалық әкімдіктің мәліметіне қарай, биыл бұл мәселе түбегейлі шешімін табады. Тиісінше биыл оқу жылында 3 жаңа білім беру мекемесі ашылып, жоғарыда аталған 196 мектеп біртіндеп екі ауысымдық жүйеге көшеді.


Хабарламаларға жазылу