Қызылорда облысында 4 мектеп ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 4 мектеп ел игілігіне берілді

01.09.2022

Жыл соңына дейін 6 білім ордасының құрылысы аяқталады деп отыр.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Ал бүгін жаңа оқу маусымында өңірде 4 мектеп ел игілігіне беріліп жатыр. Соның бірі – қала маңындағы Сабалақ елді мекеніндегі жеке инвестордың қаржысына салынған заманауи мектеп. Бұған дейін тұрғындар балаларын қалаға қатынап оқытып келген. Міне, биыл жұртшылықтың көптен күткен талап-тілегі орындалып, балалар мәз-мейрам. Мұнда бір ауысымда 400 оқушы білім алады. Одан бөлек, түрлі спорттық және өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Жалпы, бүгін облыс бойынша 18 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Хабарламаларға жазылу