Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда

31.08.2022

Жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігі басты назарда болады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барлық полиция қызметкерлері мен ата-аналарға ескертті. Ол мектептермен оған іргелес аумақтарды патрульдеу жұмыстары күшейтілгенін жеткізді. Қазіргі таңда барлық мектептер бейне камералармен қамтылған.

Сонымен қатар, ата-аналар жәбірлеу, буллинг, кибербуллинг фактілері кездессе, әлеуметтік желідегі аккаунттарды жабу үшін egov.kz арқылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне немесе полицияға жүгіне алады.

Хабарламаларға жазылу